Құқықтық жағдай әрдайым басты назарда

Болатбек Бекбосын,

Бас прокуратураның Ұсталған, қамауға алынған және

қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың

құқықтарының сақталуын қадағалау

жөніндегі департаментінің аға прокуроры

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды демекші, жаза басып, бүгіндері сол темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүргендердің барлығын адамгершілік қасиетін жоғалтқандар деп айтуға болмайды. Олардың арасында салауатты өмір жолына оралатындары да аз емес. Сотталып, жаза мерзімдерін атқарып жүрген сотталғандардың да осы қоғамның мүшесі екендігі, олардың қайтадан өз ортамызға оралуға тиіс екені қандай да бір желеулермен ескерусіз қалмауы керек.

Әрине, бұл ең алдымен жазаны өтеушінің өзіне қатысты. Десек те, олардың түзелу жолына түсіп, өмірден өз жолдарын тауып, жазаларын өтегеннен кейін әлеуметтік оңалуына қылмыстық-құқықтық және тәрбиелік ықпал жасауды алғашқы күннен бастау қажет.

Осындай абыройлы міндеттердің ойдағыдай іске асырылуы прокуратура органдарының үнемі назарында десек артық айтпағандық болған болар еді.

Бас прокуратура егемендік алған сәттен бастап осы заманғы құқықтық жүйені қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда белсенділік танытып, сотталғандардың  бойында құқықты ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыруға ықпал жасап қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының сақталуын әрдайым  назарда ұстауда.

Бұған мысал ретінде өткен 2013 жылы Бас прокуратураның бастамасымен  және Ішкі істер минстрлігінің  қолдауымен өткізілген «Түрме орнына – пробация және электронды білезіктер» жобасының тұжырымдамасы мен «Түрмедегі адамдардың» санын азайтудың 10 шарасы» атты жоба тұжырымдамсын жүзеге асыру шараларын айтуға болады.

Бас прокуратура аталған шараларды өткізу аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды ресоциализациялау  және оларды әлеуметтік бейімдеу, олар үшін жұмыс орындары квотасын ұлғайту, барлық өңірлерде оңалту және бейімдеу орталықтарын құру мәселесін көтерді.

Бұдан басқа, сотталғанды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын бостау, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесіне жаңа критерий енгізу жолымен қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдардың көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмегінің сапасын жақсарту сияқты       өзекті мәселелер де Форумға қатысушылардың талқылауына ұсынылды.

Айта кету керек, Бас прокуратура жоғарыда аталған проблемаларды көтеріп қана қоймай, оларды шешудің ұйымдастырушылық-құқықтық шараларын қоса ұсынды.

Нәтижесінде сотталғандардың құқықтық жағдайларына қатысты Бас прокуратура жасаған ұсыныстар 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінде толығымен қарастырылды.

Мәселен,  жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде қоғамдық бақылау комиссиясы мен Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың өкілеттегі аясы кеңейтіліп отыр. Атап айтқанда, қолданыстағы кодексте олардың қызметтеріне қатысты бар болғаны 2 бап болған болса, жаңа кодексте 2 тарау қарастырылған.

Қоғамдық бақылау дегеніміз - қоғамдық бiрлестiктердің түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу болып табылады.

Ал, Ұлттық алдын алу тетiгi оларға қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі.

Сонымен бірге, жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде жазаны орындайтын мекемелердегі лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі, шағымдарды мекеме өкілдерінің қатысуымен прокурордың аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отыратыны, арнайы пошта жәшіктерінің мекеменің аумағында сотталғандар үшін қолжетімді жерлерде орнатылатынына бөлек тарау арналған.

Өздеріңіз байқап отырғандай жаңа Қылмыстық - атқару кодексінің ерекшілігі - ол  ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың  құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселесін ауқымды қамтыған.

Биыл соттар бас бостандығынан айыру түрінде жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру өткен 2013 жылдың 10 айымен салыстырғанда 25 пайызға жиі қолданғанына ерекше атап өткен жөн.

Бұл, әрине, Бас прокуратураның бастамасымен өткізілген іс-шаралардың жемісі десек, артық айтпағандық болар еді.

Аталған мән-жайлар адамдардың, оның ішінде сотталғандардың құқықтарының қорғалуына прокуратура органдары қаншалықты дәрежеде мән беріп отырғандығын  аңғартса керек.

Бұдан басқа  Бас прокуратура  сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында ақылы еңбекпен айналысу мәселесіне ерекше назар аударып отыр.

Себебі ақылы еңбекпен қамтамасыз етілген сотталғандар біріншіден тапқан табысынан туыстарына қаржылай көмек берсе, екіншіден  өзінің жеке есебінде жинақталған қаражат босағанан кейін оларға  жаңа өмірді  бастауда үлкен пайдасын тигізгеді.

Әрине, сотталғандар ақылы еңбекпен қамтамсыз етілген жағдайда тек қана туыстарына көмектесіп қоймай, сонмен қатар жәбірленушіге келтірген залалдарын өтеуіне де толықтай мүмкіндіктері  болады. Бұл өз кезегінде  олардың  жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босануына алғышарттардың бірі болып табылады.

Осы мәселені жан-жақты зерттей келе Бас прокуратура ағымдағы жылдың желтоқсан айында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық құқық қорғау, мемлекеттік емес ұйымдарының қатысуымен түзеу мекемелеріндегі еңбекке қабілетті сотталғандардың барлығын толықтай ақылы еңбекпен қамтамсыз ету тақырыбында Форум өткізуді жоспарлап отыр.

Еліміздегі құқықтық саланы жетілдіру, оны адам құқықтары туралы халықаралық актілердің және сотталғандармен қарым-қатынастың негізгі қағидаттары мен тәртібін айқындайтын халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келтірілуіне байланысты болатыны айдай анық нәрсе.

Осыған орай, прокуратура органдары ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар мен айыпталушыларды ұстаудың халықаралық нормалары мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдай жасалуын тұрақты қадағалауға алған.

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамалғандар мен сотталғандар тағдырына кейде немқұрайлы көзқарас танытылып, олардың құқықтарының бұзылуларына жол беру жайлары кездесіп қалуда.

Әрине, мұндай келеңсіз жайлар прокуратура қызметкерлерінің күнделікті қызметі барысында назардан тыс қалған емес.

Бұған  Маңғыстау облыстық прокуратурасының тікелей араласуынан кеиін    «Еңбек-Ақтау» филиалында еңбек еткен 301 сотталғанның  ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларындағы жалпы сомасы 7 975 171 теңге көлеміндегі жалақыларын алуға қол жеткізгендігі мысалы бола алады.

Сондай-ақ Қарағанды облысының мекемелеріндегі 3 682 000 теңге көлеміндегі жалақыларын ала алмай жүрген 244 және Оңтүстік Қазақстан облысының мекемелеріндегі 1 656 208 теңге көлеміндегі жалақыларын ала алмай жүрген 88 сотталғанның бұзылған құқықтары да прокуратура органдарының тікелей араласуымен қалпына келтірілген.

Сонымен бірге, Қарағанды облысының түзеу мекемелеріндегі еңбек ететін 22 сотталғанның жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алу құқығы қамтамсыз етілген.

Қорыта айтқанда прокуратура органдары қадағалаудың осы саласында да заңның қалқаны, сотталғандардың  жоғын жоқтаушысы ретіндегі рөлін үлкен абыроймен атқарып келеді.

Сөйтіп, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың конституциялық құқықтарының бұлжымай сақталуына үнемі ерекше назар аудару, оны нақты жүзеге асыру және қылмыстық жазаларды атқару саласында халықаралық стандарттың  қамтамасыз етілуі прокуратура органдарының абыройлы міндеті болып қала береді.

Короткий адрес: 
Комментарии orinfo.ru

Здесь вы можете оставить комментарий, если вы являетесь зарегистрированным пользователем orinfo.ru или анонимно.

Добавить комментарий